воскресенье, 8 сентября 2013 г.

Фариза Оңғарсынова поэмалары


 «Қазақтың бір қызы бар Кәмшәт деген»
    
Ф.Оңғарсынованың «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген» поэмасы ХХ ғасырдың 70 - жылдарындағы өмірден алынып, заман тақырыбына, өндірістік мазмұнда құрылған поэма деуге болады . Мұны очерк – поэма, публистикалық  - поэма десек те жараса береді.

Камшат Байғазықызы Дөненбаева

Әрине, ақын мұнда ХХ ғасырдың қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын, іс - әрекетін, келбетін, кең даланы көркейтуге қосып жатқан үлесін, мақтаныш сезімімен жырлағанын айту керек.
Ақын Кәмшәттың қара басын,отбасын ғана емес, оның ұстаздарын, достарын, құрбыларын айтып, қуантады.
Фариза Кәмшат жайлы алдымен очерк, кейіннен повесть және мына поэмасын жазыпты. Өз басым Фаризаның бұл әрекетін құптамаймын. Өйткені өмірде бар адам жайында жазу ауыр. Әрі мұнда документальды, деректі шығарма жасауы тиіс қой. Мұндайда ақынның абыройы түсіп кетуі де мүмкін. Шығармада ойдан қосылған детальдар кездессе, қазіргі Кәмшатты танитындар сезіп қалады. Оны да басқа оқушы түсіне бермейді. Содан ақын беделі түседі. Сондықтан да ақын кібіртіктеп, автобиографиялық жағдайлардан асып кете алмай, фактілермен шектелуін қалай түсінсе болады?
Кәмшат ерлігі – қазақ үшін дәнеңе емес қой. Оны мысалы, мына өзбектер мен тәжіктер талай қайталап жатыр. Олар  бадырайтып жатпайды да. Өтті, кетті...
Дегенмен, ақынның қазақ әйелін көрсетудегі табыстарын айтпаса болмас. Онысы көркем әрі эстетикалық, идеялық, философиялық жақтан орынды шыққан. Мұнысы поэманың басында, қорытындысында басымдау:
жанымда, жанарымда – қазақ қызы,
Қазақи кең даладан аумай қалған.
Жоғары қырда ананың бағасы бек,
Алдына басын иген данасы кеп.
Далада өсіріпті қызды ардақтап,
болашақ рулы елдің анасы деп,
немесе:
Жақсы әйел, жүйрік атпен алмас қылыш -
Далада батырлықтың бас белгісі.
Шығармадағы осындай қатарлар, яғни өндіріс тақырыбына айналып, өмірдің басқа тараптарына да көз тастау, басқа мәселелермен байланыстыру - ақынның образға тұрмыс шындығын әкелуге ұрынуы оқушыны бір сергітіп тастайды:
Әйелдік тағдыр кешу - сағымды ағын:
жар болу, ана болу жанып жаның;
диванда газет оқып жату емес -
үй іші - рулы елдің табу бабын.
... Тірліктің адамды үгер қалың табы
Алдымен әйел жанын ауыртады
Және бар – мынау қасаң дүниеде
Нәп – нәзік әйел адамның осынша қиындықты жеңіп, Еңбек Ері атануы оңай шаруа емес. Оны ақын былай сомдайды:
Кәмшаттың шыққан кезде аты армандай,
(қыздардың Ай мен Күні қатар жанғай!)
Қуанды қазақтағы қыз атаулы
өздері Еңбек Ері атанғандай.
Бұл күнде қазақ біткен қыздарына
Кәмшат деп ат қояды ырым қылып, - дейді.



Комментариев нет:

Отправить комментарий