вторник, 29 октября 2013 г.

«От жалындай өлеңі - Фариза ақын» - 2



Ф.Оңғарсынованың  шығармашылығына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты жыр мүшайрасының    жеңімпазы   
Гүлжайнар Қалдина 


ФАРИЗА АПА
Өлең – өмір, өмір – өлең,
Дегенімде қиялмен Сізді көрем.
Көкорайлы көңілдің көктемі мен
Күңіренген, күрсінген күзді көрем.
Ақтарсам да тарихтың қай парағын,
Байтақ мінез Сіз тұрсыз – байқағаным.
Сізбен жерлес болғаным – бақытым деп,
Мың мәртебе мақтанып айта аламын.
Замандастың жазира жүздерінен,
Сізді көрем деп те бір ізденіп ем.
Бәрін оқи алмадым, үлгертпеді,
Көз алдымнан өткен соң жүз керуен.
Заман сырын жүрекпен шын ұқтың ба?
Махамбеттің жырымен шынықтың ба?
Ақиқаттың ақ алмас қылышындай
Айтар жерде түсіңді суыттың ба?!
Қол жетпестей теңеймін Сізді шыңға,
Қыраным да өзіңіз, қызғышым да.
Фариза апа, ізетім өзіңізге –
Сіңілің айтқан осынау ізгі сырда!  
Гүлжайнар Қалдина 

 



«Поэт» өлеңі. Аударған Т.Фроловская.

Оқитын  №51 мектеп-гимназиясының  8 «б» класс  оқушысы А. Акуова.


«Врагу не пожелаю адского котла» өлеңі. Аударған Т.Фроловская .

  Оқитын   №17 орта мектеп гимназиясының 9 «б» класс оқушысы В.Грибоедова

Комментариев нет:

Отправить комментарий