четверг, 3 октября 2013 г.

Әке


Әке
Әкем - біреу, Анам да біреу менің!
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен 
қабақтарын шытқанын, түнергенін.


 Менің досым әкесін жек көреді,
бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.
жамандайды сыртынан, тістенеді,
бір-біріне бітпейді өкпелері.


Дос тапса да, адамдар тапсадағы
Әке - жалғыз табылмас ақшаға да
Жамандасаң әкеңді саған әкеп,
жақсы әкесін бере ме басқа бала?

Әке - білек, саусағы - балалары
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
на - тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады. 


Прослушать или скачать Ф. Онғарсынова Әке бесплатно на Простоплеер

Комментариев нет:

Отправить комментарий