четверг, 12 сентября 2013 г.

Фариза Оңғарсынова Ақтөбеде

 Фариаза және  Ақтөбе

 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде жақында ғана сексен деген әдемі жасқа шаршамай-шалдықпай, аттай шауып жеткен универиситетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, профессор Үкітай Байжомартовтың мерейтойына орай оның өзінің «Тас балқып, ағаш батқан күндердің азабы немесе екі басты бүркіт бейнеленген түйме хиқаясы» кітабінің тұсаукесері болып өтті.  Шараға қатысу үшін Астанадан қазақтың айтулы ақыны Фариза Оңғарсынова арнайы келді.  
Кітаптың тұсаукесеріне арналған кешті аталмыш оқу орнының ректоры, профессор Кенжеғали Кенжебаевтың өзі жүргізіп, алғашқы сөзді қазақтың Әлия, Мәншүк секілді батыр қыздарының бірі Фариза Оңғарсынова ұсынды.Ханнан да, қарадан да ықпай, ойындағысын бүкпей айтатын ақын апамыз былай деді:

- Аса құрметті бауырлар, бул университетке бірінші рет келіп отырмын. Үкітай ағамыздың кітабы туралы лебізімді білдірейін деп келдім.

Кітапты бір түнде оқып шықтым. Партия, кеңес қызметінде болған адамның осындай кітап жазғанына таң қалдым.Бұл кітапта Ұлы Отан соғысы кезіндегі зұлымдық жайында айтылады. Адамдар арасындағы қызғаныш, күншілдіктің қырсығы  кейіпкердің өмірін тозаққа айналдырады, титімдей нәрсені қылмыс көріп, оны итжеккенге айдатып жібереді. Тура өзі басынан кешкендей тартымды жазылған. Мысалы Мопассанды оқығанда қудды очерк сияқты ондағы оқиғаға сеніп отырасың. Ке-шіріңіздер, мен бұл кісіні Мопассанға теңеп тұрғаным жоқ, әрине. Кітап оқиғасының шынайылығы баурап алады, тілі де бай, көркем. Небір керемет мақал-мәтелдерді шебер пайдаланған. Оның ішінде өзіме ұнағандарын кітапшама түртіп алдым. Мысалы, «Сенім сеңгір тауды қозғайды» дейді. Шынында, кез келген басшы қарамағындағы қызметкерлерге сенім артпаса, олардың ұнжырғасы түседі, рухтанбайды. «Алғанды білген анайы, бергенді білген сыпайы». «Кесір адам - көмір, күйдірмесе де күйелейді» деген мәтелдер де бар.
Жиын құтты болсын, көзге түссем деп көлбеңдемейтін елге қадірлі адамдарды қадірлеу, кейінгіге өнеге ету - салтымыз. Ақтөбе елі, топырағы талай ұлы адамдарды дүниеге келтірген. Жазушыны да, ғалымды да өсірген , сізді солардың сарқыты деп ойлаймыз.Осы елдің перзентінен артық қызмет етіп жүрсіз.Кеңес одағы құлап, дүние өзгеріп жатқан кезде экономикалық мәселелерді көтеріп, қазақша оқулықтар жаздыңыз. Халықтың махаббаты сізді жасартып, қуанта берсін! - деп сөзін аяқтады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий