среда, 11 сентября 2013 г.

АҚЫН ФАРИЗА – киелі Ақтөбеде


 Жұбанов Ахмет Қуанұлы (1906-1968)
2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық  мерейтойын тойлау аясында  Фариза Оңғарсынова қаламызға келіп, оқырмандармен жүздесті.
Кездесуді бастаған А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Н.Қоңырбасова: «Фариза Оңғарсынованы тек қана біздің буын емес, менің әжем де "Фаризаш қызым сөйлеп жатыр" деп тыңдап отыратын. Ал бізге ақынмен амандасып, жүздесудің сәті бүгін түсіп тұр», - деп, сахна төріне ақынды шақырды.


Кеш басталмас бурын..

Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВА:

- Ахмет - аласапыран кезінде біздің ұлттық музыка өнерінің тамырына су сепкен тірілткен ұрпақтарга жалғаған және өз өмірін соған арнаган адам. Тойга келіп жатырмыз. Былтыр Әлияның 80 жылдығына келгенбіз. Көргенділікпен, бірлікпен өткізіліп жатқанына ризамын. Көңілімнен шыққаны — қала өте әдемі екен, жақында ғана Елбасы келіп, үлкен баға беріп кетіпті, оны да естіп-оқып қуанып жатырмыз. Соңгы уақытта Ақтөбеде рухани тірлікке байланысты жақсы-жақсы істер жасалып жатыр. Мәселен Ахмет ағамыздың өмірі мен шығармашылығы жөнінде альбом мен кітап, сондай-ақ, облыстың ақын жазушыларының "Жәдігер" жинағы шығарылыпты. Ел азаматтарына алғыс айтамыз және көптеген облыс әкімдеріне үлгі болатындай оқиға болып жатқанына қуанамыз. Әр уақытта тарихқа үңілетін көкірегінде намысы бар ұл-қыздар болса, біздің халық ала-сапыранда азып-тозбайды және жоғалмайды.

2 комментария:

  1. Киелі Ақтөбеге келіп тұрыңыз, керемет мерейтой тойланды.

    ОтветитьУдалить
  2. 2006 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі агенттігі (ЮНЕСКО) ұсынысымен Ахмет Жұбанов жылы деп жарияланған.Осы жылы Фариза апамыз қаламызға келіп, ақтөбеліктерді өзінің өлеңдерімен қуантты.

    ОтветитьУдалить