вторник, 3 сентября 2013 г.

Тыңда мені жүрекпен...


Ей, адамзат, қара жерге гүл еккен.
Қара орманды түлеткен.
Қалаларды күл еткен,
Тыңда мені жүрекпен.
Тыңда мені сан жұрттар,
Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,
Тұтастық бар, қалдық бар,
Дүниеде ұзын қолды үстем бар.
Шарасыз бір күштер бар,
Махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.
 

Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар.
Айтпай аспай құрту бар,
Сәнді үйлерде күңкіл бар.
Адалдық бар, мейірім бар, зорлық бар.
Қайратыңды қайнатады қорлықтар.
Ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар.
Шың аталған қырат бар,
Терең жатқан бұлақ бар.
Бірақ соның бәрінен,
Биік тұрған бір күш бар.
Дидарына жер де құштар, күн құштар.
Ол - нәзіктік, мәңгі шуақ, нұры құт.
Сарқылмайтын жылылық.
Ол - тірліктің қуаты,
Әйел атты ұлылық.

1 комментарий: