суббота, 21 сентября 2013 г.

Талантты дарындарды елге танытатын «Тұмар» журналы

Тәуелсіздік тұғырына қонғалы қазақ баспасөзінің де өрісі кеңейді. Қазір еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының саны 3 мыңға жуықтады.  Олардың ішінде 3 жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Тұмар» журналы бар. Қазақтың айтулы ақыны Фариза Оңғарсынова басшылық ететін бұл басылым жас дарындардың еңбектерін жарыққа шығару үшін ұйымдастырылған. Қазіргі  уақытта «Тұмар» журналының таралымы 3 мыңға жеткен. 

 Фариза Оңғарсынова, «Тұмар» журналының бас редакторы, халық жазушысы былай дейді: 
- «Тәуелсіз мемлекетіміздің жер-жерінде жастар көп жазатын, әр отбасы алатын журнал болса деймін.   Шүкір, елімізде газет-журналдардың саны артып келеді бүгінде. Десе де, жылтырағанның бәрі алтын емес, әрине! Бірақ «Тұмардың» жөні бөлек. Тартымды тақырыптар таңдалып, кең ауқымда тарқатылып жазылады. Талай талант «Тұмар» арқылы танылды. Салмақты басылым келешекте қазақ баспасөзінің маржанына айналады деген сенім бар».

Комментариев нет:

Отправить комментарий